Ауылдағы өнер мектебінің мерейтойы - Павлодар облысы

«Музыка мен ән орындаудағы алғашқы білімдерін алғандардың көпшілігі бүгінде өмірлерін өнер байланыстырған, кәсіби музыканттар атанған. Олардың қатарында - павлодарлық халық аспаптар оркестрінің дирижері Талғат Кәрімов бар», - деп әңгімелейді ауылдағы өнер мектебінің директоры Бәтес Шайхина. Ол кісі шәкірттерінің барлығының жетістіктерін ұмытпаған - балалардың ішінде республикалық немесе облыстық конкурстарда бірінші орын алғандар қаншама. Осыдан 40 жыл бұрын институттан кейін Көктөбе ауылына келген Бәтес Шайхина көп ұзамай осы мектепті басқаруға кіріседі, міне содан бері қаншама жыл өтті. Балаларды тәрбиелеудегі, ауылдың жас тұрғындарын өнерге баулудағы көп жылдық еңбегі үшін Бәтес Шайхина жақында «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды.
Өнер мектебі туған күніне аудан әкімі Ернұр Әйткенов - ұлттық костюмдерге, дыбыс аппаратуралары мен компьютерге ақша берді. «Мектепке қамқорлық жасап отырғаны үшін әкімге рахмет», дейді Б.Шайхина.