Ауылдық емханаға жаңа медициналық құрал-жабдықтар табысталды

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Періште» жобасының шеңберінде Іле ауданының орталық емханасына нәрестелердің өмірін сақтап қалуға арналған жаңа медициналық құрал-жабдықтарды тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматыға жақын жерде орналасқанына қарамастан, емхананың перзентхана бөлімшесі заман талаптарына сай жасақталмаған, сондықтан шұғыл түрде жаңа заманауи құрал-жабдықтарды қажет етіп келген болатын. Емхананың емдеу палатасына қажетті көліктегі инкубатор, жаңа туған нәрестенің анатомиясы мен физиологиясына сай өзіндік ерекшелігі бар өкпені жасанды жолмен желдету аппараты, ультрадыбыстық диагностика аппараты орнатылды. «Періште» жобасы 2008 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Оның мақсаты - Қазақстанның шалғай аудандарында дүниеге келген нәрестелердің өмірін сақтап қалу. «Бізге қажетті жаңа құрал-жабдықтарды әкелген Қазкоммерцбанкке және «Құс Жолы» қорына айтар алғысымыз шексіз. Біздің мамандар жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді бастап кетті, балалардың шетінеу саны азайды, - деді Іле ауданындағы емхананың бас дәрігері Тұрсынмұратова Бақтыгүл. «Жылдар бойы біз клиенттеріміздің және қызметкерлеріміздің жылы лебіздерін естіп келдік. Енді банктің бұрынғы әріптесі - Visa төлем жүйесі банктің одақтастар қатарына қосылды. Біз Қазақстан үшін қайырымды қаржы құралын жасап шығару сияқты маңызды істе күшімізді біріктірдік», - дейді «Құс Жолы» қорының басшысы, Қазкоммерцбанктің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Дәулет Сембаев. Осы орайда айта кетелік, «Құс Жолы» қайырымдылық қорын 2004 жылы корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру мақсатында Қазкоммерцбанктің топ-менеджерлері құрған. Қордың бюджеті 1 млн. доллардан асады. Бюджет таза табыстан, қызметкерлердің, әріптестердің, Банк клиенттерінің өз еркімен жасаған қайырымдылығынан жасақталады. Қор өз жобаларын республика бойынша Қазкоммерцбанктің филиалдары арқылы жүзеге асырады. Басты мақсаты ? денсаулық, білім беру проблемаларын шешу, әлеуметтік бастаманы және мәдениетті қолдау.
Соңғы жаңалықтар
Референдум