13:35, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ауылдық округ әкімдері жеңіл көлікпен толықтай қамтамасыз етілді - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы 22 ауылдық округ жеңіл көлікпен толықтай қамтамасыз етілді.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 30 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылып, су жаңа 22 «Нива» кілттері салтанатты жағдайда табыс етілді. Бұрынғы қолданыстағы «Жигули» көліктері учаскелік инспекторларға берілді. Осылайша ауылдағы тәртіп сақшыларының мұқтажы да өз шешімін тауып отыр. Алдағы уақытта елді мекендердегі мәдениет нысандары мен білім ошақтарының материалдық жағдайын жақсарту бірінші кезектегі міндет ретінде қолға алынатын болады.