Ауылдың белсенді жастары өзара тәжірибе бөлісуде - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының барлық аудандарының жас ауыл белсенділері Қашыр ауданының орталығы - Тереңкөлде бас қосып, облыстық форум өткізуде.
None
None

«Делегаттар ауыл жастарының қозғалыстарын дамыту және олардың белсенділігін арттыру жөніндегі өз жоба-ұсыныстарымен келіп отыр. Олар өзара пікірлер және тәжірибелер алмасуда», - деді «Ауыл жастары» қоғамдық қорының директоры Серік Жартыбаев өз сөзінде.

Форумға қатысушылар сондай-ақ, жергілікті кәсіпкер Александр Вильгельм өз қаражатына дене шынықтыру кешенін салып, жастардың спортпен айналысуына жақсы жағдай жасап отырған Львовка селосында болды. Тереңкөлде де жастардың демалысына жақсы жағдай жасалған - онда спорттық нысандар, мини-футболға арналған ойын алаңдары, волейбол алаңы бар, жаңа хоккей корты салынып отыр.

«Қыркүйек айында аудан орталығында жастар орталығы ашылады. Қазір ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 11 миллион теңге бөлінген. Онда биге арналған зал, дәмхана ашылып, ауыл жастарының демалысына жағдайлар жасалады», -деді Қашыр ауданының әкімі Болат Бақауов жастардың алдында сөйлеген сөзінде.

Форумға қатысушылар тереңкөлдіктердің тәжірибесін өз ауылдарына жеткізбек - облыс белсенділері қала мен ауылдың арасындағы шекараны азайтып, жастар үшін ауылды тартымды етпек.

Соңғы жаңалықтар