«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясының барысында Ақтөбе облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылады

АҚТӨБЕ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға бағытталған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» жастар акциясының барысында биыл Ақтөбе облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланып отыр.
None
None

Облыстық әкімдікте өңірді абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары қатысты.

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов өз сөзінде атап көрсеткендей, Ақтөбе өңірі - өлкені өркендетуге бағытталған осынау игі істердің бастамашысы. Ақтөбе жастары көтерген және Елбасының жоғары бағасын алған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясы биыл да республикалық деңгейде жалғасын табуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум