Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында БҚО құрамасы жасақталды

ОРАЛ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан 1989 жылғы және одан кіші жастар арасында ел біріншілігі биыл наурызда Шымкентте өтетін болса, жасөспірімдер сайысы сәуірде Петропавлда болмақ. Осыған орай БҚО құрамасына мықтылар іріктелді.
None
None

Таяуда өткен облыстың ашық біріншілігінде жастар арасында өз салмақ дәрежелерінде Н.Әбдіманапов, Р.Құттығалиев, Б.Делмұқанов, Р.Боранқұлов, А.Қосмұрзиев (Атырау облысы), Е.Ержанов, Б.Асименов, А.Кәрімов топ жарды. Ал 1995 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында А.Амангелді, Ж.Бақытжанов, А.Меңдібаев (Атырау облысы), Қ.Мақсотов, А.Сәлиев, Н.Кенжеғалиевтер чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар