Ауыр қылмысты жасырған полиция қызметкеріне айыппұл салынды

ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі тобының жедел уәкілі Дидар Ойлыбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Аталған қызметкер У.Байжановтың арызына сәйкес оған күш көрсетіле отырып, ашықтан-ашық мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы заңсыз қаулы шығарған. Сөйтіп өз қызметінің көрсеткішін жақсарту мақсатында тергеуалды жұмысын дұрыс жүргізбей, ауыр қылмысты жасырып қалған.

Орал қалалық соты Д.Ойлыбаевты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөліміне сәйкес ( қызмет бабын асыра пайдалану ) кінәлі деп тауып, оған 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға үкім етті.

Соңғы жаңалықтар