09:28, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычконың жартылай финалдағы қарсыласы анықталды
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - 91 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық спортшы Иван Дычконың Лондон Олимпиадасы аясында жартылай финалда кездесетін қарсыласы анықталды.

Бүгін ширек финалда спортшымыз канадалық боксшы Саймон Кейнді жерге қаратты.
Қазақстанның Олимпиада құрамасының өкілі алаңның иесі, британдық спортшы Энтони Джонимен кездеседі.