Австрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Австрияға саппары барысында МАГАТЭ, ЮНИДО, БҰҰ Бас хатшысының «Барлығы үшін орнықты энергетика» бастамалары, ЕҚЫҰ, ОПЕК және ОПЕК-тің халықаралдық даму қоры (ОФИД) өкілдерімен кездесулері болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Кездесуде халықаралық ұйымдардың көрмеге қатысуы, соның ішінде конференциялар мен семинарлар өткізу, павильондарды тақырыптық толықтыру және басқа да мәселелер талқыланды.

ЭКСПО-2017 комиссары 100 ел мен 15 халықаралық ұйымнан бүгінде 85 ел мен 15 халықаралық ұйым көрмеге қатысуға даяр екенін және өздерінің қатысатынын ресми қуаттағанын хабарлады.

15-ші халықаралық ұйым ОПЕК-тің халықваралық даму қоры (ОФИД) болды, олардан да жақында ресми қуаттау  алынды.

 «Халықаралық ұйымдар өкілдері көрмеге даярлық барысын оң бағалады және «ЭКСПО-2017» халықаралық қоғамдастықтың назарын экологияға, баламалы энергетиканы дамыту, энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру проблемаларына аударады деген сенімін білдірді», - делінген Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

Австрия ғылым, зерттеулер және экономика министрінің орынбасары Бернадет Гирлингермен және Австрияның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық секциясының комиссары Ричард Шенцпен бөлек кездесу болды, оның барысында Р.Жошыбаев көрмеге әзірліктің барысы, соның ішінде халықаралық қатысушыларды тарту үдерісі туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде австриялық тарап 2017 жылғы 27 маусымда Австрия Ұлттық күнін, экономикалық форум, «жасыл» энергетика саласындағы австриялық үздік технологиялар көрмесін  және ЭКСПО-2017 ауқымында Австрия мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен мәдени шаралар  өткізу жоспарлары туралы хабарлады. Б.Гирлингер Австрия «жасыл» технологияларға үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті және 2030 жылға қарай ел толықтай қайтарымды энергия көздерін пайдалануға көшуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Р.Жошыбаев пен Р.Шенцтің кездесуі қорытындысымен Австрияның көрмеге қатысатыны туралы шартқа қол қойды. 

Соңғы жаңалықтар