Австрияда фашизммен күресте жандарын пида еткен қазақстандық жауынгерлерге арнап мемориал орнатылмақ

ЕНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Австрияда Ұлы Отан соғысы кезінде ел аумағында шайқасқан және қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған мемориал орнатылады.
None
None

Бұл қазақстандық жауынгерлерге Батыс Еуропада орнатылғалы отырған алғашқы ескерткіш. Бұл туралы сәрсенбі, ақпанның 24-і күні, Венада қазақстандық БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Қазақстанның Австриядағы Елшісі Ержан Қазыханов мәлім етті.

Қазақстан Республикасының Венадағы дипломатиялық миссиясының бастамашылығымен, қазақ және неміс тілдерінде жазу жазылған ескерткіш тақта Австрияның жоғары жағындағы Линц қаласының маңында Дунай алқабында орналасқан «Маутхаузен» бұрынғы концлагерьдің аумағында орнатылатын болады. Екінші дүниежүзілік соғыста фашизммен күресте өмірлерін қиған қазақстандықтардың құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі мамыр айының басына белгіленіп отыр.

Е.Қазыханов сондай-ақ, Қазақстан Елшілігінің Больцман Институты мен Австрияның Қара Крест сияқты беделді қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп үлкен жұмыс атқарғанын: Австрия аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді іздестіру және олардың аты-жөндерін жүйелеу, олардың жерленген жерлерін анықтау сияқты жұмыстар жүргізгенін атап көрсетті. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша қазақ және неміс тілдерінде Жадынама кітабы жарық көретін болады. Кітаптың таныстырылымы сәуір айында Венадағы «Арсенал» әскери-тарихи мұражайында өтпек.

Соңғы жаңалықтар