Австриялық геологиялық барлау компаниясы Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттемек

Бұл туралы «Қазгеология» АҚ ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстандағы пайдалы қазбалар кен орнын табу мақсаты және бұл саладағы екі жаққа да тиімді мүдделер ортаға салынды.
«Бiздiң арамызда екiжақты ынтымақтастықтың өте қарқынды дамуына сенемін. Бiрлескен ынтымақтастық Қазақстанның геологиялық барлау саласын белгілі мерзiмде перспективалы кеніштерде геологиялық барлау жұмыстарын бастауға жол ашып, ортақ дамуға әсер ететін болады,- деді Басқарма төрағасының мiндетiн атқарушы Ғ.Нұржанов.
Осы мақсатта «Great Western Exploration» компаниясы елімізге жоғары бiлiктi геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруды, білікті кадрларды тартуды, сондай-ақ технологияларды әкелу мен отандық мамандарды оқытуды қамтамасыз етедi.
«Қазгеология» ұлттық компаниясымен әрiптестiк «Great Western Exploration» үшін жемісті нәтиже беріп, одан әрі Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына ұзақ жылдар бойы қатысуына сенімділік білдіреді», - деді компанияның басқарушы директоры Джордан Лакетт.