Австрияның федералдық президенті Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алды

    ВЕНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Австрия Республикасының Федералдық президенті Хайнц Фишер «Хофбург» сарайы алаңының алдында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды.
None
None

Қазақстанның Әнұраны шырқалған соң, мемлекет басшылары қызыл кілемнің үстімен Австрия Федералдық президентінің резиденциясына өтті, мұнда шағын және кеңейтілген құрамда кездесу болады.

Кездесулер өткен соң екі президенттің қатысуымен ҚР Үкіметі мен АР Үкіметінің арасында жүктердің халықаралық автомобильдер тасымалы туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар