«Автобус» іс-шарасының бірінші күні 80 ереже бұзушылық анықталды-Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық ішкі істер департаменті облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше «Автобус» республикалық іс-шарасының алғашқы күні 80 жол-қозғалыс ережесінің сақталмау фактісі анықталып, тиісті шара қолданылған.
None
None

Іс-шараның бірінші күні ішімдік ішіп, жеңіл көліктерімен жолаушы тасымалдауға шыққан Есіл қаласының 1977 және 1986 жылғы, Бұланды ауданынан 1965 жылғы жүргізушілері тәртіп сақшыларының қолына түсіп отыр. Сондай-ақ осы уақытта автобустарының техникалық құжатынсыз 14, жылдамдықты шамадан тыс арттырған 4, сақтандыру құжатынсыз 26, жолаушылар тасымалдау ержесін орындамаудың 6, көше қиылысы ережесін орындамаудың 10 фактісі бойынша хаттама толтырылған. Өңір бойынша айтулы іс-шараға ішкі істер департаментінен 224 қызметкер жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар