08:53, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Автоинспекторға пара бермек болған жүргізуші ұсталды - Тараз
ТАРАЗ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырмау үшін автоинспекторға ақша ұсынған «Ауди-100» көлігінің иесі, Тараздың 30 жастағы тұрғыны лауазымды тұлғаға пара бермек болғаны үшін ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ішкі қауіпсіздік басқармасы мен жол полициясының қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізу барысында, қауіпсіздік белбеуін тағынбағаны үшін ұсталған жүргізушіні жол полициясының инспекторына 1 700 теңге пара беру үстінде ұстады. Жүргізушінің үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс материалдары шешім қабылдау үшін қаржы полициясы департаментіне жіберілді. Жүргізушінің кінәсі мен оның жазасын енді сот шешетін болады», дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Роза Қалдыбекова.