Автокеруендер Қырғызстан мен Жамбыл облысы шаруаларына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар Шу облысы кәсіпкерлерінің азық-түлік тауарлары тиелген автокеруендерді Қазақстан Республикасының шекарасынан Жамбыл облысының сауда орындарына кідіріссіз өткізуге уағдаласты.
Сонымен бірге Жамбыл облысының аумағында Шу облысы тауар өндірушілері мен жеткізушілерінің қатысуымен азық-түлік тауарларының жәрмеңкелерін өткізу жоспаарлануда.
Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің мәліметтеріне қарағанда, Қырғызстан өңірдің негізгі ірі әріптесі бола отырып, импорттың жалпы көлемінің 36,5 пайызын жеткізуде, оның үштен бірі - азық-түлік тауарлары. 2013 жылы Жамбыл облысының сыртқы сауда айналымы 2 млрд. АҚШ долларына жуықтады, бұл мұның алдындағы кезеңмен салыстырғанда 18 пайыз көп.
Еске сала кетейік, қазақстандық делегацияның Бішкекке сапары барысында Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас облыстарының арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.