15:32, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
Автокөліктен 149 дана киік мүйізі тәркіленді - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ішкі істер департаменті қызметкерлері ҚР АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитеті «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі инспекторларымен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Оралға қарасты Желаев ауылы аумағында «Исузу-Визард» автокөлігі тоқтатылып, тексерілді.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тексеру барысында көліктің жүксалғышынан 149 дана киік мүйізі, оқтарымен травматикалық тапанша және аңшы пышағы табылып, тәркіленген. Көлік иесі Алматы облысының азаматы екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.