Автомобиль және теміржолдар болып қалыптасып жатқан ежелгі Жібек жолының Қазақстан мен Украина ынтымақтастығын тереңдетуде маңызы зор - Елбасы
Елбасының айтуынша, ежелгі Жібек жолының бір нұсқасы Тынық Мұхитынан Қытай арқылы Қазақстанға келетін теміржол желісі бүгінде Амстердамға, Ротердамға дейін бірнеше контейнерлік тасымалдар жасады. «Екіншіден, біз биыл «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомагистралын сала бастаймыз. Оның 2700 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Осы шақырымның барлығына қаржы қарастырылды. 50 мың адам бір мезгілде жұмыс істейтін болады. Біз 2012 жылы бұл жолды аяқтаймыз. Еліміздің батыс аумағы және одан әрі Ресей арқылы Украинаға жақындайтын боламыз. Бұл аса қажетті бүгінгі Жібек жолы», деді Н. Назарбаев.
Елбасы Қытайдан Каспийге дейін теміржол салып, сөйтіп оны Каспий теңізіне жеткізіп, Иран арқылы Парсы шығанағына шығуға болатындығын да айтты. «Мен бүгін Жібек жолының үшінші жобасы жайлы айттым, ол - Еуразия арнасы. Бұл Каспий теңізі мен Қара теңізді жалғастыратын тікелей арна. Бұл Волга-Дон өзені арнасынан үш есе қысқа және сыйымдылығы жоғары танкерлерді тасымалдай алады. Бұл бағыттағы Жібек жолын дамытатын болсақ, бұл біздің халқымыздың игілігіне жарар еді», деді Қазақстан басшысы.
«Сондықтан біз автомобиль және темір жолдарды қалпына келтіруге зор маңыз берудеміз. Соңғы 10 жылда 30 мың автомобиль жолдарын салдық. Бұл Қазақстанның темір жолдарының үштен бір бөлігі», деді Н. Назарбаев.