11:27, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Аягөзде өрт сөндірушілер науқас қартты құтқарды
ӨСКЕМЕН. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Жуырда Аягөзде өрт сөндірушілер жалынға оранған пәтерден ауыр халдегі қартты алып шықты.

75 жастағы науқас көмірқышқыл газына уланып, диванда ес-түссіз жатқан. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы 2 бөлмелі пәтерде болған өрттің салдарынан барлығы 20 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды.
Кейін анықталғандай, пәтерде бір конфорлы электр пеші табылды. Қарт оны жылытқыш ретінде пайдаланған. ТЖД-ның пайымынша, өрттің шығуының себебі осы пеш болған.