«Аялы алақан» жетім балаларға көмектеседі ? Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Қашыр ауданының тұрғындары «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арнап «Аялы алақан» қайырымдылық шарасын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шара аясында шаруа қожалықтарынан, білім беру мекемелерінен, депутаттар мен әкімдік қызметкерлерінен түскен 200 мың теңге қаржы жетім балаларға және ата-аналарының қамқорынсыз қалған жетім балаларға жұмсалатын болады. Игі шара әлі жалғасуда, ауданда қайырымдылық қоры ашылып отыр. Көңілі қалағандар ол қорға ақша аудара алады. Жиналған қаржылар балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың депозиттік есепшоттарына түсіп отырады ? жиналған сома балалар 18 жасқа толғаннан кейін қолдарына тиеді.
Соңғы жаңалықтар