16:45, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін ауа райының күрт төмендеуіне байланысты облыстың төрт қаласында және төрт ауданында мектептерде сабақ болмады.

ТЖ департаментінен хабарлағандай, Шемонаиха, Семей, Риддер, Курчатов қалаларында және Жарма, Абай аудандарында 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды. Сондай-ақ Бесқарағай және Көкпекті аудандарындағы білім ордаларында 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмады. Өңірде түнде қалың қар түсіп, боран соқты. Ауа температурасы 13 градустан 31 градусқа дейін төмендеп кеткен. Синоптиктер ауа температурасы әлі де төмендей түседі деген болжам айтуда.