Айдын Айымбетов: Ғарышта шағын ғана Жер ғаламшарында барлығымыз бір отбасы екенімізді ерекше анық түсінесің (ФОТО)

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстандық ұшқыш-ғарышкер, «Халық Қаһарманы» жоғары мемлекеттік наградасының иесі Айдын Айымбетов Атырауға келді.
None
None

Ғарышкердің Атырау жерінде өткізген бірінші кездесуі Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттің студенттерімен өтті.

«Мен үшін барлық қазақстандықтарға, бірінші кезекте жастарға ғарышта болған кезімде бойымдағы сезімдер гаммасы туралы баяндап беру өте маңызды. Ғарышта мұнда, шағын ғана Жер ғаламшарында, барлығымыз бір отбасы екенімізді ерекше анық түсінесің. Және барлығымыз елдерге, одан қалды ұлттар мен ұлыстарға бөлінбей бүтін бір отбасы сияқты тұруымыз қажет екенін ұғынасың. Барлығымыз - жер тұрғындары. Барлығымыз үшін ең бастысы - адамдарға қызмет ету болу керек», - деді А.Айымбетов студенттерге арнаған сөзінде.

«Сізді туған жерімізде көргенімізге қуаныштымыз. Біз үшін батырсыз. Бұл кездесуден кейін барлығымыз тағы бір рет өз Отанымыз, біздің ұлы Қазақстан, Отан игілігі үшін не істей алатынымыз туралы тағы бір ойланып қалатынымызға сенімдімін», - деді қонаққа арнаған сөзінде облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

А.Айымбетов ғарышкерлер жасағында дайындықтың қалай өтетіні, халықаралық станса экипажымен байланыстың қалай жүретіні туралы мұқият баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум