16:27, 12 Шілде 2013 | GMT +5
Аймақаралық ынтымақтастық бойынша алғашқы форумның алдын ала қорытындылары - 20 млрд. теңгеге келісім-шарттар
ӨСКЕМЕН. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының жүйеқұраушы кәсіпорындарының, ұлттық компаниялардың және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары аймақаралық ықпалдастық І форумының жалпы отырысы басталар алдында жалпы көлемі 20 миллиард теңгеге әріптестік туралы 40-қа тарта шарттар мен келісімдерге қол қойды.
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен үлкен жалпы отырыс аяқталғаннан кейін төрт облыстың әкімдері аймақтық әкімдіктер арасындағы ықпалдастық ауқымында аймақаралық байланыстарды кеңейту және ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойды.
Елдің төрт аймағы әкімдерінің форумда айтқан толыққанды ықпалдастық тетіктерін оңайлату жөніндегі ұсыныстары дайындалып жатқан 2013-2015 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар жобасына енді.