Аймақтағы әлеуметтік қорғау, көпірлер мен жолдар ерекше назарда - ҚР Үкіметінің мүшелері ШҚО-да болды

ӨСКЕМЕН. Мамардың 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысына ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапармен Шығыс Қазақстан облысына келді. Олар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге тасқын судан зардап шеккен аймақтарға барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолдарының бойындағы Бұғаз өзеніндегі көпірді су шайып кеткен Тарбағатай ауданындағы Қызылесік ауылын қарап шыққан соң Ә.Құсайынов көпірдің қайта салынатындығын айтты. 350 млн. теңге бөлінген, жобасы да әзірленіп қойған және де жарты жыл ішінде көпір қайтадан салынатын болады.

Көлік және коммуникация министрі Зайсан және Көкпекті аудандары мен Өскемен қаласының арасындағы жолдың жағдайын тексерді.

Г.Әбдіқалықова мен Б.Сапарбаев бұрын хабарланғандай, су тасқынынан 209 тұрғын үй, мектеп, мәдениет үйі мен ауылдық амбулатория бұзылған Көкжыра ауылының тұрғындарымен кездесті. Осы жерде «Ақсуат-Көкжыра-Жантекей-Боғас» жолындағы Базар өзенінің бойындағы көпір апатты жағдайда тұр.

Айта кетейік, қазіргі таңда зардап шеккен тұрғындардың барлығы шатыр, азық-түлік, төсек орын, қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Су тасқынынан зардап шеккендерге отбасындағы бір адамға 5 мың теңгеден материалдық көмек төленген.

Жалпы алғанда, тасқын салдарынан 1 300 тұрғын үйді су басқан,, 540-тан астам үй бұзылған. 4 000 ірі, 19 000 ұсақ мал, 650 жылқы қырылған.

Қазір Көкжыра ауылында жаңа үйлер салынатын жер телімдері дайындалуда. Оның әрқайсысы 20 сотық аумақты алатын болады, ал үйлер бір үлгілі жоба бойынша салынады. Үйлердің құрылыстары топырақ зерттеу жұмыстары мен қосымша өлшеулерден кейін жақын арада басталады.

Г.Әбдіқалықованың айтуынша, төтенше жағдай зейнетақы мен жалақыны төлеуге кедергі болмайды. Ол адамдар тиесілі ақша қаражатын уақытында алып отыруы үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қолға алатынын айтты.

Министр мен әкім сонымен қатар, су тасқынынан үйлерге біршама залал тиген Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылының және Зайсан ауданына қарасты Тасбастау ауылының тұрғындарымен кездесті.

Екі министрдің жұмыс сапары қорытынды кеңеспен аяқталды, сонымен қатар, Шығыс Қазақстандағы су тасқынының болу қаупі әлі қайтпағандықтан, алдағы кезеңдегі міндеттер де талқыланды. Осы көктемде аймақта күн ашық болады деп күтілуде: аймақтың кейбір бөліктерінде күннің қызуынан даладағы өрттер де басталған, ал керісінше кейбір аудандарда қар әлі ерімеген.

Соңғы жаңалықтар