Аймақтағы электр қуатын арттыруға мән берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Биыл Қызылорда қаласындағы «ҚЭТТК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға, электрмен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға ерекше міән берілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті бюджеттен осы мақсатта 740 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржының 409 млн. теңгесі жарығы жоқ 15 елді мекенді электрлендіруге, атап айтқанда, 6 ауылға орталықтандырылған, 9 ауылға баламалы электр қондырғы­ларын орнатуға жұмсалды. Осы орайда 10/0,4 кВ электр же­лілерін салу арқылы аудан орта­лық­­тарын электрмен қамтамасыз ету жү­йелерін дамытудың жобалық-сме­та­лық құжаттамасын дайындап, мем­ле­кеттік сараптамадан өткізуге 31 млн. теңге қарастырылғанын да айта кет­кен жөн. Бүгінде электр энергиясын беру және тарату қызметін көрсетіп отырған кәсіпорын 2010 жылы электр энергиясының жалпы және нормативтік-техникалық ысыраптарын 16,5 пайызға төмендетуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар