Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ШЫҰ-ның ролі артып келеді - Қ.Саудабаев

БЕЙЖІҢ-АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының ролі үздіксіз артып келеді.
None
None

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы -Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қытайдың Ғылым академиясында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде орнықты, сенімді және келешекке ұмтылған Астана мен Бейжіңнің стратегиялық серіктестігі аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің маңызды факторы болып табылады және осы фактор көптеген азиялық мемлекеттер үшін мемлекетаралық өзара іс-қимылдарының өзіндік моделі болып отыр.

«Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі артып келе жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты беделді халықаралық құрылымдағы біздің өзара іс-қимылдарымыздың жоғары деңгейі осының жарқын айғағы», деді Қ.Саудабаев өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар