19:38, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Аймақтық жарыста БҚО төтенше жағдайлар департаментінің командасы жеңімпаз атанды
ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында өткен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары төтенше жағдайлар департаментінің командалары арасында өткен аймақтық спартакиадада батысқазақстандықтар жеңімпаз атанды.

Департаменттің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Миржан Мұхамбетқалиевтің хабарлағанындай, аталған мекеме қызметкерлері өздерін спортшы ретінде де көрсете білді. Екі күнге созылған жарыста командалар кросс, үстел теннисі, волейбол және шахматтан сынға түсті. Негізгі тартыс БҚО мен Ақтөбе командалары арасында өрбіді.
Жекелей сында Алексей Салкин, Сағидолла Қайбалиев, Ерген Бөрекешев, Владимир Богдашкин, Эльмира Дәрібаевалар жас ерекшеліктеріне сәйкес кростан үздік өнер көрсетті.