Аймақтың экономикалық даму деңгейі бағаның өсуіне жол бермейді - Қостанай облысының әкімі
«Қуаңшылықтың күшті болғанына қарамастан, облыс биылғы жылы кемінде 3,5 млн. тонна жоғары сапалы дән жинап алуды жоспарлап отыр, сондықтан да бір бөлке «әлеуметтік» нанның бағасы 39 теңгеден аспауы тиіс», - деді аймақ басшысы.
Әкім қостанайлық «Емшан» сауда орталығында болып, азық-түлік тауарлары түр-түрінің бағасына және баға саясатына ден қойды. Заманауи супермаркеттің сөрелеріне қойылған нан-бөлке, сүт және ет өнімдерінің түр-түріне әкімнің көңілі толды.
«Қостанайлық тауар өндірушілер кедендік кедергілердің алынып тасталғанын және Ресей мен Беларустан тауарлар ағынын арта түсуін ескере отырып, өнім сапасы мен бағаның төмендеуімен айналысулары тиіс», - деді С.Кулагин. Облыс басшысы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу кәсіпорындары басшылары мен көтерме сауда жеткізушілерін және жеке меншік дүкендер иелерін баға жөнінде ымыраласудан сақтандырды, осы және басқа тауарлар бағасының жасанды түрде шарықтап кетуіне жол бермеуді ескертті. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостана басшылығына бағаға тұрақты мониторинг жүргізіп, оны тежеудың алдын алу шараларын алу ұсынылды.