Айтуғанов ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған жаңа несие түрлерін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған жаңа несие өнімдері бекітілді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған «Ынтымақ», ауыл шаруашылығы малдарын өсіруге арналған «Игілік», сүт қабылдайтын пунктер құруға арналған «Бірлік», отбасылық бордақылау алаңдарын құруға арналған «Береке» деп аталатын жаңа несие өнімдері бекітілді. Үкімет тарабынан қаржылық мәселесі толық шешіліп, 31,8 млрд  теңге берілді. Ауыл шаруашылығы кооперативтерді қаржыландыруға ҚазАгро желісі арқылы қосымша  10 млрд теңге бөлінді», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін шағын несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы  2020»  бағдарламасын бекіту жөніндегі Үкіметтің қаулысына қосымша енгізілетін болады. Аталған қосымшалар бір рет берілетін несие көлемін 16 млн теңгеге дейін ұлғайтып, несиелеу мерзімін 7 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

Министрлік ҚазАгроның еншілес ұйымы арқылы сүт қабылдайтын және мал соятын пунктерді алғашқы жарнасыз лизингке беру арқылы сатып алу сызбасын әзірледі. Бастапқы жарна болып инвестициялық субсидия саналады және кепілген сатып алынған құрал-жабдық алынады», - деді Қайрат Айтуғанов.

Соңғы жаңалықтар