Айтысты бюджеттің қарамағына алуға тамаша жағдай туып тұр - Ж. Ерман

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Қазақтың айтыс өнері енді халықаралық заңдармен қорғалатын болады. Бұл туралы Алматыда Республика сарайында «Тәуелсіздікке тағзым» атты тақырыпта «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы барысында «ҚазАқпарат» тілшісіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман мәлімдеді.
None
None

«Осыдан бірнеше күн бұрын Намибияның Виндхук қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс - импровизация өнері» атты аталымы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілгені баршаға белгілі. Енді, айтыс халықаралық заңдармен қорғалады деген сөз. Бұған дейін ол кейде ашылып, кейде жабылып жүрген болса, енді ЮНЕСКО деңгейінде мемлекеттің өзі қолдап отыруына мүмкіндік берілді. Айтысты бюджеттің қарамағына алуға тамаша жағдай туып тұр», - деді Ж. Ерман.

Айта кетелік, кеше айтыстың бірінші турында 22 ақын 11 жұп болып айтысқан болатын. Бүгін екінші соңғы турда бірінші турдың жеңімпаздары жұп болып айтысып жатыр.

Бас бәйгені жеңіп алған ақынға алтын домбырамен қоса 3 миллион теңге табыс етіледі. Бірінші орын алған ақынға 2 миллион теңге, екінші орын алған екі ақынға 1 миллион теңгеден беріледі. Ал үшінші орын алған үш ақынға 500 мың теңгеден тапсырылады. Басқа да қатысушыларға да әкімдіктің дайындап отырған сый- сыйапаты бар.

Соңғы жаңалықтар