Айыптаушы мен айыпталушыға қатысты құқықтар ылғи да орындала бермейді

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -«2011 жылдың 30 тамызындағы мәліметтер бойынша, Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспардың барлық 23 бөлімінің ақыл-кеңестерінің 50 пайыздан астамын осы уақытқа елімізде жүзеге асырылып үлгерді»,
None
None

- деді бүгін Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішев елордада «Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспардың орындалуына мониторинг» атты тақырыппен өткен дөңгелек үстел отырысында.

Отырыс барысында заң саласының мамандары мен шетелдік сарапшылар жиналып, Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспардағы анықтау мен тергеу және сотта талқылау бағытындағы міндеттердің елімізде орындалу мәселесін ортаға салған болатын. Сарапшылардың пікірлерінше, елімізде ұлттық жоспардың анықтау мен тергеу және сотта талқылау мәселелеріне қатысты кеңестердің 60 пайыздан астамы орындалмайды. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевтің айтуынша, Қазақстан заңдары, нақтырақ айтқанда, Қылмыстық-процессуалдық кодексі мен Азаматтық-процессуалдық кодекс сияқты құжаттардың барлығының талаптары халақыралық стандарттарға сәйкес. «Осыған қарай онда айыптаушы мен айыпталушыға бірдей құқықтар берілген. Дегенмен іс жүзінде бұл талаптар ылғи да орындала береді деп айта алмаймыз. Бізге тап осы бағытта жұмыс жүргізу қажет. Яғни адвокаттардың келтірген мәліметтері прокуратураның мәліметтерімен сәйкес болуы керек», - дейді Т.Әбішев.

Соңғы жаңалықтар