Азаптаулар жөніндегі арыздарға қатысты тиімді әрі дербес тексерісті қамтамасыз ету керек - Манфред Новак

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Азаптаулар жөніндегі арыздарға қатысты тиімді әрі дербес тексерісті қамтамасыз ету керек.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі азаптаулар мен басқа да қатігездік әрекеттер мәселесіне арналған дөңгелек үстелде БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Манфред Новак айтты.

«Егер де біз азапталғандар өздерінің құқын қалпына келтіруге құқылы болуын қаласақ, осы тұрғыда дербес және тиімді тексерістер қажет деп санаймын»,-дейді БҰҰ баяндамашысы.

Осы орайда ол азаптаушылар ісі сот алдында қаралуы керектігін қадап айтты. «Азаптауға қатысты қылмысы үшін полиция және басқа да құқық қорғау органдары сот алдында жауап берген жағдайлар болып жатады. Алайда, ондай жағдайлар көп емес»,- деді ол.

Азаптаудан зардап шекендерді сауықтыру мәселесіне тоқталған М. Новак, «қатігездік әрекеттерін көрген адамдарға бұл өмір бойы қалатын зақым. Осы жандарға медициналық және психологиялық, сондай-ақ оңалтудың басқа да формалары қажет болады»,- деді.

М. Новак 2004 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясымен Арнайы баяндамашы болып бекітілді. Арнайы баяндамашы қандай да бір үкіметтен тәуелсіз және ол өз қызметін өзінің мандатына сәйкес атқарады.

Соңғы жаңалықтар