Әзербайжан Республикасы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Жұмыс сапары екі елдің Энергетика министрлері Владимир Школьник пен Натиг Алиевтің жетекшілігімен өткен Қазақстан-Әзербайжан экономикалық ынтымақтастық туралы 12-ші үкіметаралық отырыс аясында өтті.

Бакуде Рәпіл Жошыбаев Әзербайжанның Энергетика министрі, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық секция комиссары Натиг Алиевпен және Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовпен келіссөздер жүргізді.

Кездесудің қорытындысында Әзербайжан Республикасының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар