Әзербайжан түрік тауарларының Орталық Азияға тасымалдануын қамтамасыз етуге дайын

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан түркиялық тауарларды Орталық Азияға тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы бүгін Әзербайжан бойынша TRACECA (Еуропа-Кавказ-Азия) көлік саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының ұлттық хатшысы Акиф Мустафаев айтты.
None
None

Өткен аптада Ресей Түркиядан келген жүк көліктерін ел аумағына кіргізуге тыйым салды. А.Мустафаевтың сөзіне қарағанда, осыған байланысты түрік тарапы бұл жүк көліктерін Әзербайжан арқылы өткізуді ұсынды. Бұл ұсыныс қолдауға ие болды.

«Шекара маңындағы бекеттерде түрік тауарлары тиелген жүк көліктерінің Әзербайжан аумағына кедергісіз кіруіне жағдайлар жасалады», - деді А.Мустафаев. «Иран мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты жақсы деп айтуға болмайды, бұл жағдайдың қысқа жолы - Түркия-Грузия-Әзербайжан-Каспий теңізі-Орталық Азия дәлізі. Жақын арада шекара арқылы жүк тасымалдау талаптары мен тарифтерін жеңілдету шешімі қабылданады деп ойлаймын. Болашақта Ресей мен Түркия қарым-қатынасы қалпына келтірілсе де, жүктің біздің ел арқылы өтуі біз үшін пайдалы», - деді А.Мустафаев. Оның сөзіне қарағанда, Әзербайжан өз аумағы арқылы көп көлемде жүк тасымалдануына дайын.

Соңғы жаңалықтар