АЗЕРТАДЖ басшысы: ҚазАқпаратпен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймын

БАКУ - АСТАНА. ҚазАқпарат - АЗЕРТАДЖ Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігінің бас директоры Аслан Асланов «ҚазАқпарат» ХАА атына 95 жылға толуына байланысты құттықтау жолдады.
None
None

«ҚазАқпараттың 95 жылдығымен агенттік қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын. Агенттіктеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынасты жоғары бағалаймын. Бірлесіп қол жеткізген жетістіктеріміз біздің халықтарымыз арасындағы тарихи достық пен бауырластық байланысқа тіреледі. Өзімнің және АЗЕРТАДЖ ұжымының атынан қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Біздің жемісті ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да дамиды деген үміттемін», - делінген АЗЕРТАДЖ бас директорының хатында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум