12:23, 06 Шілде 2013 | GMT +5
Әзірбайжан газетінде Астана туралы мақала жарияланды
БАКУ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Таяуда Әзірбайжанда, Бакудің беделді басылымдарының бірі «Ucnoqta" газетінің № 119-санында Қазақстан елордасына арналған «Астана: гүлденген дамудың 15 жылы» (Astana: çiçəklənən inkişafin 15 ili») атты мақала шықты.
Әзірбайжан журналистерінің материалында Қазақстанның қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктері, елорданы Алматыдан Астанаға көшірудің тарихы, Қазақстанның бас қаласы - Астананың сұлулығы мен маңызы туралы айтылады.
Бұл ретте, қазақ халқының және оның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбектері атап өтілген.