Әзірбайжан Каспийдің шығыс жағалауынан газ тасымалдауға дайын

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзірбайжан тарапы Транскаспий газ құбыры жобасы жүзеге асырылар болса, өздерінің транзиттік мүмкіндігін ұсынуға әзір.
None
None

Бұл туралы журналистерге Әзірбайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясының басшысы Ровнаг Абдуллаев мәлім етті.

300 шақырымдық газ құбырын Каспий түбі арқылы Әзірбайжандық жағалауға тарту жобасы түркімендік энергоресурстарды еуропалық рынокқа экспорттауға ең оңтайлы бағыт болып табылады. Одан әрі еуропалық елдермен шекаралас жатқан Түркияға жеткізуге жол ашылмақ.

Еске сала кетсек, Еуропалық одақ, Әзірбайжан және Түркіменстан арасындағы Транскаспий газ құбыры жөніндегі келіссөз 2011 жылғы қыркүйекте басталған болатын.

Соңғы жаңалықтар