Әзірбайжан Қазақстанда логистикалық орталықтар ашуды жоспарлауда

БАКУ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Қазақстанда логистикалық орталықтар ашуды жоспарлауда, деп мәлімдеді бүгін Бакуде өтіп жатқан әзірбайжан-қазақстан бизнес-форумында Әзірбайжан экономикалық даму министрінің орынбасары Ниязи Сафаров.
None
None

«Әзірбайжан Президенті сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту міндетін алға қойды, соның ішінде басқа елдерде логистикалық орталықтар құру көзделген, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осындай логистикалық орталықтарды Қазақстанда құру екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жандандыра түсуге жәрдемдесетін болады», - деді Н.Сафаров.

Оның айтуынша, екіжақты қатынастарды дамыту үшін көпфункциялы база жасалған. Ұдайы өткізіліп тұратын үкіметаралық комиссияның отырыстарында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық қатынастарды оңтайландыру талқыланып жүр. Оқтын-оқтын Әзірбайжанда да, Қазақстанда да бизнес-форумдар өткізілуде, бұл байланыстар екі елдің бизнес қоғамдастығының тиімді қатынастарын жолға қоюға көмектеседі.

«Әзірбайжан мен Қазақстан арасында экономикалық қатынастар саласында жеткілікті дамыған шарттық-құқықтық база бар, инвестицияларды қорғау, қосарлы салық салуды болдырмау саласында 20-дан астам келісімдерге қол қойылған, басқа да бірқатар шарттар біздің сауда қатынастарымыздың дамуына оң ықпал етеді», - деп атап өтті Әзірбайжан экономикалық даму министрінің орынбасары.

«Бүгінде Әзірбайжанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 30-дан астам компания жұмыс істейді. Қазақстанда біздің кәсіпкерлерімізге қызығушылық арта түсуде. Тәуелсіздік кезеңінде соңғы 20 жылда құрылған экономикалық байланыстар сауда-экономикалық қатынастарды бізде әлі де одан әрі кеңейтуге және тереңдете түсуге әлеует бар екенін айтуымызға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Н.Сафаров.

Соңғы жаңалықтар