Әзірбайжан мен Қазақстан өз өңірлеріндегі маңызды көшбасшы мемлекеттер - Л. Гандилов

АНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әзірбайжан мен Қазақстан өз өңірлеріндегі маңызды көшбасшы мемлекеттер болып табылады. Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Қанат Саудабаевтың қабылдауында болған кезінде Әзірбайжан елшісі Лятиф Сейфеддин оглы Гандилов осылай мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз энерегетика саласындағы қарым-қатынастарымызды табысты дамытудамыз. Әзірбайжан мен Қазақстан өз өңірлеріндегі маңызды көшбасшылар болып саналады. Екі мемлекет те Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне белсенді қатысып жатыр. Осындай ауқымды жұмыстарды атқару біздің, біздердің халықтарымыздың үлесіне тиді. Әзірбайжан мен Қазақстан қазіргі таңда өз өңірлерінде бейбітшілік орнатуға белсенді қатысып жатыр. Біз халықаралық құқықтың белді ойыншылары болып табыламыз», деді кездесуде Л. Гандилов.

Елші біздің елде қызмет істеген жылдары ішінде Қазақстанның толайым табыстарының куәгері болғанын атап көрсетті. «Мен Қазақстан сынды ұлы мемлекеттің ұлы жетістіктерінің, Астана қаласының қалыптасуының куәгері болдым. Мен ұлы саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың замандасы болдым. Бұл мен үшін зор құрмет», деді ол.

Осы орайда Л. Гандилов Қазақстанда қызмет істеген жылдары жүрегіне ұялаған махаббатты ғұмыр бойы сақтайтынын айрықша атап көрсетті. «Мен Қазақстан мен Әзірбайжан алдында қарыздармын. Қай жерде жұмыс істемейін, екі ел арасындағы қарым-қатынасты бұдан да жақсарта түсуге тырысатын боламын. Бұған күмәніңіз болмасын», деді Л. Гандилов Қ. Саудабевқа қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар