15:09, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Әзірбайжан ОСК Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылайтын болады
БАКУ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Әзірбайжан ОСК-нің өкілдері түрлі халықаралық ұйымдар миссиясының құрамында Қазақстандағы кезектен тыс өтетін парламеттік сайлауды бақылайтын болады. Бұл туралы ӘР Орталық сайлау комиссиясының хатшылығынан Ровзат Гасымов хабарлады.
Оның айтуынша, ӘР ОСК-нің және оның хатшылығының мүшелері сайлауға ТМД, түркітілдес елдер қауымдастығының кеңесі және т.б. бақылау миссияларының құрамында қатысады.
Р.Гасымовтың айтуынша, Әзірбайжан ОСК-нің бақылаушылары сайлау барысын Қазақстан елордасы Астанада да, республиканың басқа қалаларында да бақылайтын болады.