Әзірбайжанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

   БАКУ. 21 қараша. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Бакуден ҚР-ның ӘР-дағы Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 21 жылдығына,
None
None

Қазастан мен Әзірбайжан арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына және Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты қабылдауды ұйымдастырды.

Шара дәстүрлі түрде Әзірбайжан астанасының үздік залдарының бірі - «Гүлістан» сарайында өтті. Оның фоейсінде Қазақстанның табиғаты, Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ біздің еліміздің ұлттық кәдесыйлары  түсірілген фотокөрме ашылды. Шараның қонақтарын қазақтың ұлттық киімін киген бойжеткендер қарсы алды.

Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Серік Пірімбетов Әзірбайжан мен Қазақстан арасында тығыз достық байланыстар қалыптасқанын атап өтті.

Бұдан басқа, С.Пірімбетов Әзірбайжан Қазақстан Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болғанын тілге тиек етті.

Шараға әзірбайжандық тараптың атынан сөз сөйлеген Мәдениет және туризм министрі Әбілфас Гараев та екі ел арасындағы тығыз тарихи және мәдени байланыстарды атап өтті.

Іс-шараға ӘР-да сапармен жүрген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Әзірбайжанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, елдің саяси қайраткерлері, ӘР Парламентінің депутаттары қатысты.

Шараның барысында қазақстандық әртістердің орындауындағы шығармалар шырқалды. Атап айтқанда, Қазақстан және КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жалтыркөзов, Гүлзия Стамбек, Сүндет Байғожин, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ескендір Әбжанов, Нүркен Әшіров, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Қапонова, сондай-ақ «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар