Әзірбайжанда Қазақстанның Мәдениет күндері өтті

   БАКУ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Әзірбайжанның мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Әзірбайжандағы Қазақстанның Мәдениет күндеріне арналған салтанатты шара өтті.
None
None

Мәдениет күндерінің ашылуы алдында Әзірбайжанның Мәдениет және туризм министрі Абульфас Гараев, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай және басқа да қонақтар Әзірбайжанның мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ашылған фотокөрмемен танысты.

Көрмеге Қазақстанның табиғаты, мәдениеті, тарихи ескерткіштері, спорттық жетістіктері мен қазіргі өмірі туралы баяндайтын 127 фотосурет қойылды.

Кейін Мәдениет күндері аясында Қазақстан өнер иелерінің қатысуымен гала-концерт өтті.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, концертке Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзия Стамбек, Сүндет Байғожин, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Ескендір Абжанов, Нұркен Әшіров, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Капонова, Сондай-ақ академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, «Гүлдер» би ансамблі, «Тұран» тобы және басқалар қатысты.

Соңғы жаңалықтар