Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі Л. Гандиловқа II дәрежелі «Достық» ордені тапсырылды

амырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Қанат Саудабаев Әзірбайжаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лятиф Сейфеддин оглы Гандиловты еліміздегі миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
None
None

Оның барысында Қ. Саудабаев Л. Гандиловқа II дәрежелі «Достық» орденін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сізге Қазақстан Президентінің атынан екі елдің арасындағы достық және бауырластық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Менің ойымша, бұл елші еңбегіне берілген жоғары баға», деді Қ. Саудабаев орденді тапсырып тұрып.

Өз кезегінде Л. Гандилов мұндай зор құрмет үшін ризашылығын білдірді. «Бүгін менің өмірімде көңіл толқытарлық сәт болып тұр. Мен үшін бауырлас Қазақстанның жоғары орденімен марапатталу зор құрмет. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды әрқашан президенттер қалыптастырып, дамытады. Олардың жеке қарым-қатынастары әрдайым екі ел арасындағы байланыстарды айқындайды. Бұл құпия емес. Біз осы үдеріске қатысып, олардың берген тапсырмаларын орындаймыз. Сондықтан да менің қарапайым еңбегімді жоғары бағалап, осындай зор құрмет көрсеткендеріңізге рахмет», деді.

Л. Гандилов Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты екі мемлекеттің жалпыхалықтық көшбасшылары Гейдар Әлиев пен Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырғанын, оның іргетасы өте мығым екенін және бұл қарым-қатаныстардың Илхам Әлиев пен Нұрсұлтан Назарбаев тұсында табысты жалғасын тауып, айрықша дамығанын атап көрсетті. «Біздерді ортақ тіліміз, ортақ мәдениетіміз, ортақ тарихымыз біріктіреді», деді ол. Оның айтуынша, осы жылдар ішінде Әзірбайжан мен Қазақстан арасында 29 келісімге қол қойылған. Олардың ішіндегі шоқтығы биігі - Стратегиялық әріптестік және одақтас қарым-қатынастар туралы келісім. Мұндай келісімді Әзірбайжан тек Қазақстанмен ғана бекіткен.

Л. Гандилов Қазақстанда елші болып қызмет жасаған жылдары өзінің жүрегінде өмір бойы сақталатынын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар