«Азия-авто» автоқұрастыру зауытында жаңа автокөліктердің сериялық өнімдері шығарылды

СКЕМЕН. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Шевроле Круз» және «Шевроле Авео» екі жаңа машина үлгілері «Азия-Авто» зауытының жаңа модельдері қатарын толықтырды.
None
None

Компания президенті Ержан Мәндиевтың айтуынша, бұл автокөліктерге тапсырыстар келіп түсе бастаған.

«2009 жылы заводтың толық күшпен жұмыс істемегені жасырын емес. Бірақ жаңа үлгілерге әсіресе, «Шевроле Круз» моделіне келіп түскен тапсырыстар көлемі өскені соншалық, біз кәсіпорын бойынша 7-күндік жұмыс тәртібіне ауыстық», - деп түсіндірді журналистермен болған кездесуде Е.Мәндиев.

Модельдер жайдан жай таңдалған жоқ - «General Motors» компаниясының өкілі Дэвид Бискенің айтуынша, «Шевроле» маркалы «Авео» Еуропада 2009 жылы ең өтімді модельге айналған.

«Алайда, әлемдік нарықта біз «Шевроле Круз» моделіне сенім артып отырмыз. Бұл жаңа өнім. Әзірге гольф-класс бойынша оған теңдес жоқ», - деп атап өтті ол.

Жаңа модельдер бір ай ішінде саудаға түседі, деп атап өтті «Азия-Авто» АҚ-ның баспасөз қызметі. Алайда қазақстандықтар автокөлікке «Азия-Авто» АҚ-ның кез келген филиалында бүгіннен бастап-ақ тапсырыс жасай алады.

Жаңа модельдерді нарыққа шығару салтанатына сондай-ақ Шығыс-Қазақстан облысының басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар