«АЗИЯ АВТО» конвейерінде жаңартылған «Chevrolet Captiva» кроссоверін құрастыру басталды

ӨСКЕМЕН. 29 сәуір. ҚазАқпарат - «АЗИЯ АВТО» автомобиль құрастыру зауытында жаңартылған «Chevrolet Captiva» кроссоверін шығару басталды.
None
None

Женева автосалонында еуропалық үлгінің тұсаукесерінен кейін Қазақстан бұл жаңа өнімдердің өндірісі мен сатылымы ашылған алғашқы елдердің бірі атанды. Қазақстандықтарға бұл үлгі 2007 жылдан Өскемен автомобиль құрастыру зауытынан шығарыла бастаған кезден бері таныс.

«АзияАвто» президенті Ержан Мәндиев атап көрсеткендей, Chevrolet - республикада ең көп сатылатын маркалардың бестігіне кіретін Қазақстан нарығындағы ең табысты брендтердің бірі.

Е. Мәндиев 2013 жылғы қаңтар-наурыз айларында қазақстандық автомобиль құрастыру зауыты бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 4,2 есеге өндірісін ұлғайтқанын атап айтты. Кәсіпорын конвейерінен 6 685 автокөлік немесе Қазақстан аумағындағы жеңіл автокөлік өндірісінің жалпы көлемінің 84%-ы шығарылды. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында кәсіпорын үлесіне Шығыс Қазақстан облысының машина құрастыру өнімі шығарылымының 52%-ы тура келді.

Соңғы жаңалықтар