«Азия авто» зауыты базасында жедел медициналық көмек көліктері құрастырылмақ

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Азия авто» зауыты базасында жедел медициналық көмек көліктері құрастырылмақ.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты.

Республиканың бірқатар өңірлеріндегі жедел жәрдем көліктерінің 60-80 пайызының тозығы жеткендігін атап өткен К.Мәсімов: «Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен, облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жедел жәрдем көлігіне қажеттілікке сараптама жүргізулері қажет. Одан кейін құрастыру өнірісін жолға қою қажет», - деді.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жедел медициналық көмек көліктерін «Азия авто» зауыты базасында құрастыруды ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Қазақстан жедел медициналық көмек көліктерімен 92,6 пайызға қамтылғанымен, олардың 46,9 пайызы тозғандығын атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар