Азия Даму Банкінің Орталық-Азиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша семинар-кеңес өтуде
Орталық-Азиялық өңірлік ынтымақтастық бағдарламасына мемлекеттер де халықаралық қаржы институттары да қатысушы бола алады. Бұл ретте бағдарламаның негізгі бағыты халықаралық сауда-саттыққа, кеден істерін дамытуға, оның ішінде қатысушы мемлекеттер арасында әкімшілік кедергілерді жоюға арналады. Бағдарламаның басты өзегі Орталық Азия елдері арасындағы ықпалдастық үдерістерді дамытуды көздейді. Бұған дейін негізінен ұйымға Орталық Азия елдері мүше болып келсе, соңғы уақытта оның құрамына Монғолия мен Әзірбайжан еніп, 2010 жылдан бері Пәкістан мен Ауғанстан да мүдделілік танытып отыр.
«Қазақстан әруақытта әріптестік қатынастарға ашық әрі біздің еліміз қашанда халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастыққа баса маңыз береді. Сонымен қатар, Азия даму банкінің Орталықазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша біздің өзара қызметтерімізде үлкен әлеуеттер баршылық. Бұны игеру үшін барлық деңгейде белсенді ынтымақтастық қажет етіледі», - деді жиынды ашып сөз сөйлеген Экономикалық даму және сауда
министрлігі, Инновациялық саясат департаментінің директоры Бауыржан Тортаев.