Азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берілмейді

АҚТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Теңгенің девальвацияға ұшырағанына қарамастан Ақтауда азық-түлік бағасының қымбаттауына жол берілмейді.
None
None
Бұл туралы бүгін қаладағы орталық базар мен ірі сауда орындарын аралап, негізгі азық-түлік өнімдерінің ағымдағы бағаларымен танысқан жергілікті әкімшілік өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінде облыстың ауылшаруашылық өнімдерінің 70 пайызы өзге облыстар мен көршілес елдерден тасымалданады. Соңғы 2 күн ішінде жүргізілген мониторинг бойынша азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай өзгере қоймаған. 21 түрлі негізгі тағам өнімдерінің төртеуінің ғана бағасы көтерілген. Атап айтқанда, картоп ? 2 теңгеге, қызанақ ? 30, пияз ? 5, күнбағыс майы - 10 теңгеге қымбаттаған. Бұлар негізінен көршілес елдерден жеткізілетін азық?түлік түрлері. Халыққа қажетті негізгі азық-түлік өнімдерін арзан бағаға сататын «Берекет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының облыс бойынша 60-тан астам сауда орны мен 3 ай мерзімге жеткілікті азық-түлік қоры бар. Бұған қоса жергілікті әкімшілік өңірге негізгі ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуші кәсіпорындармен арада келісім-шарт жасасты. Соған сәйкес алдағы уақытта азық-түлік қорымен облысты қамтамасыз ету мен оларға деген баға тұрақты болмақ.«Бүгінгі таңдағы басты іс-шараларымыздың бірі ? базардағы бағаны күнделікті қадағалау. Енді «Берекет» МКК-ның сату орындары мен тауарларының түрлерін көбейтеміз. Қайткен күнде де халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын өсірмеуге жұмыстанамыз», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қамбар Жеткізген.
Соңғы жаңалықтар