Азық-түлік бағасының жоғарылауы 2011 жылы Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі 42 млн. адамның кедейшілікте қалуына ықпал етуі мүмкін

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Азық-түлік пен энергия ресурстары бағасының жоғарылауы 2011 жылы Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі 42 млн. адамның кедейшілікте қалуына ықпал етуі мүмкін.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі экономикалық және әлеуметтік ахуалдың биылғы шолуын таныстыру кезінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ноэлин Хейзер мәлім етті.

Азия-Тынық мұхиты өңіріне соңғы айларда азық-түлік тауарларының және энергия тасымалдаушылар бағасының қымбаттауы әсер етуде.

«Мұнай бағасының жоғары болуы, кейбір дамушы елдердегі өсімнің 1 пайыздық пунктке дейін төмендеуіне әкеліп соқпақ»,-деді Н. Хейзер.

Азық-түлік пен энергия ресурстары бағасының жоғарылауы 2010 жылда кедейшілік қармауында қалған 19 млн. адамға қоса 2011 жылы Азия-Тынық мұхиты өңірінде тағы да 42 млн. адам кедейшілікте қалуына ықпал етпек. Осының салдары аймақтағы кейбір елдердің дамуын 5 жылға кідіртуі ықтимал.

Аталған шолудағы мәліметтерге сүйенсек, биыл Жапонияда болған апаттық жағдайдың салдары аз көлемде болса да даму бағытына ықпал етпек. Атап айтқанда оның салдары өндірістерден жабдықтардың жеткізілімдерін уақытша кідіртуіне байланысты автокөлік және электронды өндірістерге кері әсерін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар