Азық-түлік қауіпсіздігінің алдын алу шаралары оң нәтиже беруде - Қызылорда облысы

Статистикалық мәліметтер бойынша азық-түлік тауарларының индексі 2014 жылдың қазан айын өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 100,6 пайызды (республика бойынша - 100,5 пайыз) құрады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл шаруашылығы басқармасымен жүргізіліп жатқан күнделікті мониторинг бойынша үстіміздегі жылдың 20 қарашадағы облыстың ішкі нарығындағы әлеуметтік маңызы бар 33 негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын 11 ақпанмен салыстырғанда 22 өнім бойынша өсім байқалады 7 түрлі өнімнің бағасы төмендегені байқалады, соңдай-ақ 4 өнім бойынша бағалар бір қалыпты болуда.
Дей тұрғанмен, 22 өнім бойынша өсім байқалды.
- күріш - 24,4 пайызға (33 теңге); - 1 сұрыпты ұн - 10 пайызға (6 теңге); - арпа жармасы - 9,7 пайызға (10 теңге); - лапша - 7,1 пайызға (12 теңге); - макарон - 2,5 пайызға (3 теңге); - сиыр еті - 2,6 пайызға (29 теңге); - құс еті - 21,9 пайызға (113 теңге); - тауықтың сан еті -20,9 пайызға (84 теңге); - сүт (2,5%) 8,1 пайызға (14 теңге); - сүт (3,2%) 3,6 пайызға (7 теңге); - айран (2,5%) -12,2 пайызға (19 теңге); - айран (3,2%) 9,9 пайызға (18 теңге); - сүзбе (5-9%) 13,4 пайызға (71 теңге); - сары май (72%) 10,8 пайызға (51 теңге); - маргарин (спред) 16 пайызға (40 теңге); - қырыққабат 14,4 пайызға (10 теңге); - жуа 29,7 пайызға (19 теңге); - қызылша 10 пайызға (11 теңге); - сәбіз 15,1 пайызға (13 теңге); - картоп 4,5 пайызға (4 теңге); - қант 17 пайызға (25 теңге); - шай 5,6 пайызға (77 теңге); Сонымен қатар: 7 түрлі өнімнің бағасы төмендегені байқалады:
- ұнтақ жармасы 4,6 пайызға (6 теңге); - қарақұмық жармасы 9,8 пайызға (17 теңге); - сұлы жармасы 13,5 пайызға (25 теңге); - тары 18,3 пайызға (28 теңге); - вермишель 4,3 пайызға (6 теңге); - жұмыртқа (10 данасы) 12,5 пайызға (8 теңге); - өсімдік майы 2,4 пайызға (6 теңге);
Соңдай-ақ 4 өнім бойынша: 1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанға, ірімшік (сыр сычужный), қой етіне, тұзға бағалар бір қалыпты болуда.
22 өнім бойынша өсім байқалғанымен оның ішінде 10 өнімнің бағасы шекті мәндерінен жоғарылаған. Бүгінгі күні облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында 1 жұмыс тобы, 1 тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы және 1 штаб жұмыс жасайды. Осы аталған жұмыс топтарының жұмыс органы болып табылатын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан күнделікті азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілуде. Апта сайын азық-түлік өнімдерінің ең төменгі бағада сатылып жатырған орындары БАҚ арқылы жариялануда.
Қызылорда қаласының және барлық аудандардағы ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі азық-түлік тауарларын 5-10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 46 меморандумға қол қойылған. Жыл басынан бері облыс тұрғындарын сапалы және арзан бағада өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында халықтың көп шоғырланатын жерлерінде 59 ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп, 263,2 млн. теңгенің өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. Облыста 1-сұрыпты нан, 1-сұрыпты бидай ұнының бағасын тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астық Транс» АҚ және Қызылорда облысының әкімдігі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес Қызылорда облысына тоннасы 49,5 мың теңгеден ақпан-қазан айлары аралығында 15 837,5 тонна әлеуметтік ұн бөлу келісілген болса, қазіргі уақытта 15345 тонна ұн жеткізіліп нәтижесінде облыс бойынша нанның орташа бағасы 44 теңгені құрап отыр.Қалған көлемдер белгіленген кестелері бойынша жеткізілуде.
Жоғарыда айтылған меморандумның мерзімі аяқталуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ және Қызылорда облысының әкімдігі арасында 1-сұрыпты нан, 1-сұрыпты бидай ұнының бағасын тұрақтандыру мақсатында субсидиялау арқылы осыған дейінгі бағада (1 тонна астық 28,3 мың теңгеден) жыл аяғына дейін 7274 тонна астық бөлу жөнінде меморандумға қол қойылуда. Осы меморандумның аясында облыстағы әлеуметтік нанның бағасын бір қалыпты жағдайда ұстап қалуға мүмкіндік берілуде.