Б.Байбек: Біз аға ұрпақ алдында қарыздармыз

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек аға ұрпақ өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
None
None

Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала басшысы Ардагерлер үйінде болып, олардың тұрмыс жағдайларымен танысты.

Б.Байбек Президенттің саясатының арқасында елде әлеуметтік қорғауды күшейту және зейнеткерлерді, мүгедектерді, соғыс ардагерлері мен еңбек майданына қатысушыларды қолдау жөніндегі барлық шаралар шешілуде. Мәселен, Алматыда қаланың қарт тұрғындарын қолдауға ағымдағы жылы бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

«Бүгінде Қазақстанда егде жастағы 1,8 млн. адам тұрады. Мемлекет олардың жақсы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасауға тырысуда. «Қазыналы қарттарымыз - еліміздің байлығы». Сондықтан да біз әрқашан да аға ұрпақты бағалай білуіміз қажет. Біз - сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз - сіздердің алдарыңызда қарыздармыз. Өткен ғасырда нақ осы аға ұрпақ ең қиын жылдарды бастан кешті. Көпшілігі тыл еңбеккерлері болды, бүкіл сұрапыл соғыстың от-жалынынан өткен ардагерлеріміз бар», - деді Б.Байбек.

Осыған байланысты қала басшысы «Нұр Отан» билеуші партиясы бүгінде соғыс және еңбек ардагерлері жөнінде 147 фильм түсіруде, деп атап өтті. «Бүгінгі Қазақстан - бүкіл әлемде құрметті елге айналды, мұнда аға ұрпақтың сіңірген еңбегі зор», - деп түйіндеді әкім.

Алматы қалалық ардагерлер үйі - күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге мұқтаж 1, 2 топтағы мүгедектер, егде жастағы азаматтар тұрақты өмір сүруге арналған медициналық-әлеуметтік мемлекеттік мекеме.

Мекеме 2001 жылы 14 желтоқсанда құрылған, ол 350 адамға есептелген. Бүгінде Ардагерлер үйінде 320 адам тұрады. Олардың 7-уі - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, 108-і - тыл еңбеккерлері.

Ардагерлер үйінің барлық тұрғындары асханада 4 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, мұнда сегіз аспаз және 18 адамнан тұратын қызмет көрсететін персонал еңбек етеді. Диабетке ұшыраған науқастар үшін диеталық ас мәзірі көзделген.

Соңғы жаңалықтар